Балзия Ералиева

Балзия Ералиева

Менің атым - Балзия.
Мен текстиль (перде) дизайнерімін.Бұл салада 2011 жылдан бастап жұмыс істеймiн.Осы жылдар ішінде текстильдің (перденің) барлық қыр-сырын толық меңгердім десем де болады.Бірақ бір орында тұру ойымда жоқ,сондықтан үнемі ізденіс үстінде жүремін.Барлық стиль ұнайды,жаныма жақыны скандинавиялық стиль,заманауи (современный),заманауи классикасы,лофт стилі,модерн,хай-тек стильдері .Əр түрлі түстер мен фактуралардан эксперимент жасағанды жақсы көремін.
"Дизайнер" мамандығының бір қыры күніне бірнеше адамдармен танысып,олардың ішкі жан-дүниесін, қоршаған ортаға деген көз-қарасын көруге мүмкіндік береді.Перде таңдауға келген әрбір адамның өздерінің үйіне деген махаббаттарын сезініп,жеке ойларын ескеріп,ортақ келісімге келіп,кейбір жағдайда өзімнің ойымды дəлелдеп шығуга тырысамын.
Сіздердің үйлеріңіздің терезелерін соңғы сəнмен (стильге байланысты) сəндеп,барлық дизайнға қатысты ойларыңызды сауатты жүзеге асыруға көмектесемін.Армандарыңыздағы перделерді жасауға бізге келіңіздер!


Bath&Tile ( г. Астана , пр.Момышулы/ул.Дауылпаз, 11)

Портфолио работ

Позвонить